2026 жылғы 20 қазанда Нұра кентіндегі «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК базасында ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу және жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсыну.
Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, Қарағанды индустриялық университетінің, Қарағанды «Болашақ» академиясының және Астана қаласындағы Esil University-дің өкілдері білім беру бағдарламалары мен сұранысқа ие мамандықтар, мемлекеттік білім беру гранттары, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), шекті балдар, оқуға түсу кезіндегі жеңілдіктер мен арнайы квоталар туралы кеңінен мәлімет берді.
Сонымен қатар оқушылар университеттердің материалдық-техникалық базасымен, студенттік өмірімен, білім алу мүмкіндіктерімен және болашақта кәсіби дамуға жол ашатын бағыттармен танысты. ЖОО өкілдері түлектердің сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдау мен жоғары оқу орнына түсуге қатысты маңызды кеңестерімен бөлісті.
Мұндай кездесулердің маңызы зор! Себебі дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың негізі. Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдауына қолдау көрсету – өскелең ұрпақтың табысты болашағына бастайтын маңызды қадам.
Іс-шараға қатысқан мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықтарын таңдауда сенімділік, алға қойған мақсаттарына жетуде табыс тілейміз!
#АшықЕсікКүні
#КәсібиБағдар
#БолашақМамандық
#МамандықТаңдау
#НұраАуданы
#БілімБолашағы









