Талдықорғанда «Жетісу жастары – есірткі мен вандализмге қарсы» акциясы өтті

    1 / 3

    Бүгін Талдықорғанда «Жетісу жастары - есірткі мен вандализмге қарсы» акциясы өтті.

    Акция «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» жалпыұлттық идеологемалары аясында жастарды салауатты өмір салтына шақыру, есірткінің заңсыз жарнамасы мен вандализмге қарсы қоғамдық жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шараға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сарқытбай Құсайынов, «Әділет» партиясының өкілдері, қала жастары, волонтерлер мен колледж студенттері қатысты. Жалпы акцияға 150 адам қамтылды.

    Шара барысында қала әкімі Ернат Бәзіл жастарға үндеу жасап, туған қалаға жанашырлықпен қарау, тазалықты сақтау және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.

    «Бүгінгі шара жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, туған қаламызға жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастама. Әрқайсымыз қаламыздың тазалығы мен қауіпсіздігіне өз үлесімізді қоса аламыз», – деді Ернат Бәзіл.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары