1 / 2
Талдықорғанда Жетісу облысы полициясының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық орындарда темекі шегудің бірқатар дерегін тіркеді. Барлық құқық бұзушылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өзің тұратын жерді ластау — мәдениеттің төмендігі мен туған жерге деген құрметсіздіктің белгісі. Жерге тасталған темекі тұқылы — жай ғана ұсақ-түйек емес, адамның айналасындағыларға және өзі үйім деп санайтын мекенге деген көзқарасының көрінісі.
Өзің тұратын жерді ластама! Өйткені бәріміз бір жерде, бір Жерде өмір сүреміз!
Құрмет қарапайым нәрселерден басталады: тазалық сақтау, белгіленген ережелерді бұзбау және айналамыздағы тәртіп әрқайсымызға байланысты екенін ұмытпау. Туған жерді қорғау — өзіңді және өзгелерді құрметтеу.








