Жетісу облысының полиция қызметкерлері қысқы киім үлгісіне көшті. Суық маусымға дайындық жеке құрамның жайлылығын қамтамасыз етуді ғана емес, сондай-ақ күрделі ауа райы жағдайында қызметтік міндеттерді орындауға әзірлігін арттыруды көздейді.
Дайындық аясында қысқы нысанды киім-кешек тексеріліп, полицейлердің дала жағдайында қызмет атқаруға дайындығы бағаланды. Әсіресе төмен температура мен қолайсыз ауа райы жағдайында қойылған міндеттерді тиімді орындау қабілетіне ерекше назар аударылды.
Полиция қызметі тәулік уақытына да, ауа райына да қарамайды. Қызметкерлер күн сайын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көшелерді патрульдейді, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойып, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді.
Полицей болу – кез келген жағдайда көмекке келуге дайын болу деген сөз. Сондықтан қысқы маусымға алдын ала дайындалу – жеке құрамның қызмет атқаруға әзірлігін қамтамасыз етудің және Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қорғаудың маңызды бөлігі.