Полиция камералары ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алуға көмектесті

    1 / 2

    Жетісу облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда. Бұл ретте Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тиімді пайдаланылуда.

    Бұл жолы Тыныбаев көшесінде бейнекамералар жергілікті тұрғынның ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғанын тіркеді. Қараусыз қалған жануарлар жолдың жүріс бөлігіне шығып, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін еді.

    Құқық бұзушылықтың дер кезінде анықталуының арқасында полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, ықтимал келеңсіз жағдайдың алдын алды.

    Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне оларды күтіп-бағу және жаю қағидаларын сақтауды, малдың көшелер мен жолдарда қараусыз жүруіне жол бермеуді ескертеді. Әр адамның жауапкершілігі — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қосылған үлес.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары