Талдықорған қаласында полиция басқармасының қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіптің сақталуына және темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі тұтыну фактілеріне назар аударылды.
Іс-шара барысында тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мұндай рейдтік іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалғасуда.









