Қала тазалығы – әрқайсымыздан басталады

    1 / 2

    Талдықорған қаласында полицейлер қоғамдық орындардың ластану фактілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл бағытта Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік беретін Полицияның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары белсенді қолданылуда.

    Осылайша, бейнекамералар қоғамдық орында темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған 49 жастағы жергілікті тұрғынды тіркеді.

    Тексеру қорытындысы бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Полиция қала тазалығы мен қоғамдық тәртіп әр адамның қоршаған ортаға деген көзқарасына байланысты екенін еске салады. Жерге тасталған кішкентай темекі тұқылының өзі көшелерді ластап, қаланың көркін бұзады.

    Тазалықты сақтап жүрген жандардың еңбегін құрметтеп, ортақ үйімізге жанашырлықпен қарайық! Талдықорғанның тазалығы – әрқайсымыздың қолымызда!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары