Жетісу полицейі «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

    1 / 2

    25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Мереке қарсаңында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген полиция қызметкерлері мен сала ардагерлерін құттықтады.

    Мемлекет басшысының Жарлығымен және министрдің бұйрығымен бірқатар қызметкер мемлекеттік наградалармен және ведомстволық марапаттармен марапатталды.

    Олардың қатарында Жетісу облысы Полиция департаменті Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы Жақсылық Ғаламбарұлы да бар. Ол Алакөлде туристерді құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

    Бұл марапат – адам өмірін сақтап қалу жолында тәуекелге барып, қызметтік борышын абыроймен атқарған полицейдің ерлігіне берілген лайықты баға.

    Ерлік пен адал қызмет – елге үлгі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары