Көпшілік көзінше ішімдік ішкен: полиция камералары қоғамдық тәртіптің бұзылуын тіркеді

    1 / 2

    Жетісу облысында полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

    Бейнебақылау камераларына қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде жүрген 46 жастағы жергілікті тұрғын іліккен. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамда қалыптасқан мінез-құлық нормаларына қайшы келеді.

    Аталған дерек бойынша азамат медициналық айықтырғышқа жеткізілді.

    Полиция қоғамдық орындар баршаға ортақ екенін еске салады. Сондықтан әрбір азамат айналасындағыларды құрметтеп, белгіленген тәртіп талаптарын сақтауы тиіс. Тыйым салынған орындарда алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарға мас күйде келу заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

    Полиция Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады. Қоғамдық орындардың тазалығы, қауіпсіздігі мен тыныштығы әр адамның жауапкершілігінен басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары