2026 жылдың 9 айындағы екінші деңгейдегі сапаны бақылау нәтижелері туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2026 жылдың 9 айында Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын (бұдан әрі - Стандарттар) және Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізді.

    2026 жылдың 9 айында аумақтық бөлімшелердің аудит материалдарының сапасын бақылаудың екінші деңгейімен 201 материал қамтылды. Бақылау нәтижелері бойынша 13 материал (6,5%) Стандарттарға сәйкес келмейді деп танылды, қалған 188 материал - Стандарттар мен Қағидаларға ескертулермен сәйкес деп танылды.

    Сәйкес келмейтін материалдардың ең көп саны Атырау облысы бойынша ІМАД және Шымкент қаласы бойынша ІМАД-да анықталды - әр бөлімшеде 3 материалдан. Алматы қаласы бойынша ІМАД және Шығыс Қазақстан облысы бойынша ІМАД-да 2 материалдан, Ұлытау облысы, Алматы және Павлодар облыстары бойынша ІМАД-да 1 материалдан анықталды.

    Осылайша, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарына сәйкес келмейтін материалдардың үлесі 5,5% болса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 6,5%-ға дейін өсті, бұл сәйкес келмейтін материалдардың 1%-ға өскенін көрсетеді.

    Стандарттарды және Қағидаларды бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында Комитет тоқсан сайын ІМАД шолу хаттарын жібереді, мерзімді түрде сапаны бақылау аудиторлары Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне баруда, бейнеконференциялар өткізуде, тиісті мамандардың тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылуда.

    Сонымен қатар, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнама бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында Комитет ІМАД қызметкерлерінің қатысуымен тұрақты негізде техникалық оқыту жүргізеді, онда 2-деңгейдегі сапаны бақылау қорытындыларында көрсетілген кемшіліктер мен ескертулерді алдын алу мақсатында талқыланады.

    Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті" жаңалықтары