Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде қаржылық бақылау шараларын қабылдайды.
Нұсқаманы орындамаудың салдары.Нұсқама орындалмаған жағдайда қаржылық бақылау шаралары тоқтатылмайды және заңнамада көзделген келесі кезеңдерге өтеді:
Әкімшілік жауаптылық. Құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу басталады.
Сот тәртібімен өндіріп алу. Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомаларын тиісті бюджетке өтеуді, оның ішінде нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сотқа талап қою арыздары беріледі.
Аудиторлық материалдарды қылмыстық қудалау органдарына беру. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелермен бірге процестік шешім қабылдау үшін прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органдарына беріледі.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне аудит объектісі, кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ аудиторлық іс-шаралар барысында мүдделері қозғалған өзге де тұлғалар шағымданған жағдайда, материалдар апелляциялық және (немесе) сот тәртібімен дауды реттеу рәсімдері сақталғаннан кейін прокуратура органдары арқылы қылмыстық қудалау органдарына беріледі.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның негізгі міндеті – қаржылық бұзушылықтарға ден қою шараларының бұлтартпастығын қамтамасыз ету және мемлекеттің мүдделерін қорғау!









