
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жетілдіру.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңдарының, Қаржы министрінің бұйрықтарымен бекітілген ішкі аудит жүргізу қағидаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарының орындалуына қатысты мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың күнделікті қызметінде «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптарын практикалық тұрғыдан қолдану бойынша түсіндірмелер беріліп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсынымдар айтылды.









