Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

    Комитет туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіІшкі мемлекеттік аудиткомитеті орталық атқарушы органның құзыреті шегінде ішкімемлекеттік аудит жәнеқаржылық бақылау,мемлекеттік сатып алу,мемлекеттік мүлік,аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 09 шілде күні сағат 11:00-де оффлайн форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өтеді. Кездесудің өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20А Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды [email protected] электронды почтасына жолдауға болады. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (775) 292 1515

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Аңдатпа! ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 09 шілде күні сағат 11:00-де оффлайн форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е.Т.Мыңжасаровтың қатысуымен Абай облысының тұрғындарымен кездесу өтеді. Кездесудің өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20А Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды [email protected] электронды почтасына жолдауға болады. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (775) 292 1515

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті университет студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандарды ішкі мемлекеттік аудит органдарының қызметімен таныстыру, мемлекеттік қызметті насихаттау және жастардың қаржы-экономикалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылығын арттыру болды. Кездесу барысында Департамент қызметкерлері ішкі мемлекеттік аудит органдарының негізгі міндеттері мен функциялары, мемлекеттік қызметтен өтудің ерекшеліктері, кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесіндегі кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы баяндады. Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға ықпал етеді.

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2026 жылғы 21 мамырда Жетісу облысындағы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларының қатысуымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын дұрыс қолдану мәселелері бойынша семинар өткізілді. Іс-шара барысында тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер кодтарын айқындау кезінде жиі жіберілетін бұзушылықтар, оның ішінде сатып алу нысанасын дұрыс айқындамау, қате кодтарды қолдану, сатып алуды жасанды түрде бөлу және әртекті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір лотқа біріктіру мәселелері қаралды. Семинар қатысушыларына мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, оның ішінде сатып алу нысанасын дұрыс айқындау, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын қолдану, адал бәсекелестік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға жылдық жоспарлар мен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды қалыптастыру кезінде ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің кодтарын қолдану барысында заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ұсынылды.

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    г.Талдыкорган, ул.Шевченко, 168
    ОтырысАяқталды

    «2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындысы» тақырыбындағы семинар

    Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2026 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар өкілдерінің қатысуымен « 2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары » тақырыбында семинар өткізді. Сонымен, семинар барысында 2026 жылдың 1 тоқсанындағы камералдық бақылау қорытындылары жарияланды. Департамент мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады. 2026 жылдың 1 тоқсанында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 203,6 млрд теңгеге 9 299 Мемлекеттік сатып алу (лоттар) қамтылды. Камералдық бақылау барысында жалпы сомасы 8,4 млрд. теңгеге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 501 хабарлама жіберілді . Камералдық бақылау бағыттары бөлінісінде: бірінші бағыт-ашық конкурс 46, екінші бағыт ашық конкурс – 13, баға ұсыныстарын сұрату арқылы 144, тікелей қорытынды жолымен бір көзден алу тәсілімен-296, екінші бағыт - рейтингтік балдық жүйеден конкурс - 1, бірінші бағыт-рейтингтік – балдық жүйені пайдалана отырып конкурс-1. Мұндай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды. Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

    8 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке – еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі. Аталған мереке 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылғы 18 қазандағы жарлыққа сәйкес, мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні болып жарияланды Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүруде. Олардың барлығы заң алдында тең құқықтарға ие болып, ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұл – еліміздегі тұрақты қоғамдық жүйенің және тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Қазақстан халқының бірлігі күні – барша қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін, ел болашағына деген сенімді нығайтатын мереке.

    30 сәуір 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тапсырыс берушілердің конкурс құжаттамасындағы негізсіз талаптар бойынша әлеуетті өнім берушілердің камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін берген шағымдары қаралуға жата ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 17 тармағына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша: 1) бірінші бағыт: конкурс (аукцион) жарияланған күннен бастап конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін; егер конкурстық құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған кезде, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде; 2) екінші бағыт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдау мерзімдері аяқталғанға дейін жүргізіледі. Осылайша, ішкі мемлекеттік аудит органдары мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына жоғарыда көрсетілген мерзімдерде бірінші және екінші бағыттар бойынша камералдық бақылау жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 591 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде қарауға жататын шағымның дәлелдері осы тарауда және Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен қаралмайды.. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, камералдық бақылау шеңберінде қаралуға жататын, алайда камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін берілген өтініштер қаралуға жатпайды.

    ·
    Сұрақ

    Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат ұсынған факті анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қандай шаралар қолданады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, анық емес ақпарат – біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) конкурсқа, аукционға қатысуға арналған өтінімінде және растаушы құжаттарында қамтылған, сол сияқты ұсынылған өтінімде шынайы мазмұнды бұрмалайтын және шындыққа және әлеуетті өнім берушінің растаушы құжаттарына сай келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер. Заңның 14-бабы 3 тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде: 1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні; 2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін анықталған болса, ұйымдастырушыны, бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Осы орайда, Заңның 8-бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі: анық емес ақпаратты берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзылған шарттың мәртебесін веб-порталда қалпына келтіру мүмкін бе?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алу туралы веб-порталында бұзылған шарттың мәртебесін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 21-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 401-бабының 1-тармағына сәйкес, келісімшартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімімен жүзеге асырылады, егер Кодексте, басқа заңнамалық актілер мен шарттарда өзгеше көзделмесе. Ал 403-баптың 1-тармағына сәйкес, келісімшартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады. Осыған байланысты, тараптардың міндеттемелері бұзылған келісімшартпен тоқтатылғандықтан, мемлекеттік сатып алулар веб-порталында келісімшартты қалпына келтірудің мүмкіндігі жоқ.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешіміне қалай шағымдануға болады?

    Жауап

    Уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшесінің шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші бұл шешімге Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 6-қосымшада көзделген нысан бойынша қарсылық білдіруге немесе қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну арқылы шағым жасауға құқылы. Камералдық бақылау нәтижелері бйоынша хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі мемлекеттік сатып аулдың веб-порталы арқылы ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссияға Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарсылық береді.

    ·
    Сұрақ

    Қаржылық тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда аудит объектісінің қарсылығын қайда және қандай мерзімде беру қажет?

    Жауап

    Аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-2-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға беріледі. Аталған Заңның 58-4-бабының 1-тармағына сәйкес, апелляциялық комиссия қарсылықты аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

    ·
    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты шағымдарды қарай ма?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 589, 590 және 599 тармақтарына сәйкес тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы тиісті хаттаманы қабылдаған Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының атына веб-портал арқылы беріледі. Шағымды мәлімделген талаптар (дәлелдер)шегінде шағымдарды қарауға жауапты тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі не лауазымды адамы қарайды. Осы Қағидалардың 588-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген шағым қарауға жатпайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 6 тармағына сәйкес камералдық бақылауды жүргізу барысында бұзушылықтарды анықтау осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Өз кезегінде, Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні жіберу немесе оның өтінімін қабылдамау жөніндегі шешім қабылдау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып шартты жеңілдіктерді заңсыз қолдану бойынша тәуекел профилі көзделмеген. Осылайша, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша шағымдарын қарау тәртібі айқындалғанын ескере отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының аталған тармақтарын басшылыққа алу қажеттігін хабарлаймыз. Сонымен бірге атап өту қажет, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес, Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.

    ·
    Тізілім

    Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізілімі

    Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізілімі

    Жарияланды:
    Тізілім

    Аккредиттелген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар тізілімі

    Аккредиттелген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар тізілімі

    Жарияланды:
    Тізілім

    Қазақстан Республикасының аудиторларының тізілімі

    Қазақстан Республикасының аудиторларының тізілімі

    Жарияланды:
    Тізілім

    Лицензияны ерікті түрде қайтарған АҰ тізілімі

    Лицензияны ерікті түрде қайтарған АҰ тізілімі

    Жарияланды:
    Тізілім

    Лицензиядан айырылған АҰ тізілімі

    Лицензиядан айырылған АҰ тізілімі

    Жарияланды:
    Тізілім

    Аккредиттелген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар тізілімі

    Аккредиттелген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар тізілімі

    Жарияланды: