Құрметті қазақстандықтар!

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сіздерді ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтайды!

    Бұл мереке халқымыздың өз болашағын айқындап, ұлттық бірегейлікті сақтау және ортақ құндылықтар мен мүдделер негізінде мемлекетті дамыту құқығын білдіреді.

    Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мемлекеттілікті қалыптастыру, конституциялық негіздерді нығайту және демократиялық институттарды дамыту жолында елеулі белестерді бағындырды. Бұл үдерістердің жаңа кезеңі жаңа Конституцияның қабылдануымен, Құрылтайдың қалыптасуымен және жергілікті деңгейдегі өкілді органдардың жаңаруымен байланысты.

    Барлық өзгерістердің негізінде аса маңызды конституциялық қағидат - халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылады деген ұстаным сақталады.

    Осы қағидатты іске асыру азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етумен, еркін ерік білдірумен, сайлаудың заңдылығы және ашықтығымен тығыз байланысты. Мемлекеттік егемендіктің халықтың ерік-жігерімен және әрбір азаматтың Әділетті Қазақстанның өркендеуі жолындағы жауапкершілігімен ажырамас байланысы дәл осыдан көрініс табады.

    Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз!

    Республика күні құтты болсын!

    Құрметпен,

    ҚР Орталық сайлау

    комиссиясының Төрағасы

    Нұрлан Әбдіров

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы" жаңалықтары