Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік органы болып табылады, Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді.
Жаңалықтар
АшуОСК ЖАНЫНДАҒЫ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ЖАС ЖӘНЕ БОЛАШАҚ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ЭЛЕКТОРАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
АшуНҰРЛАН ӘБДІРОВ ИТАЛИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ АНТОНЕЛЛО ДЕ РИУМЕН КЕЗДЕСТІ
АшуҚұрметті қазақстандықтар!
АшуАУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
АшуНҰРЛАН ӘБДІРОВ ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ ГҮЛНАР ТОЙЛЫБАЕВАҒА КУӘЛІК ПЕН ОМЫРАУҒА ТАҒАТЫН БЕЛГІ ТАБЫСТАДЫ
АшуМӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН ЕКІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Оқиғалар
Сұрақ-жауап
Дауыс беру күні шетелде жүрген сайлаушылар қалай дауыс бере алады?
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорттары бар барлық азаматтар енгізіледі. Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға келген республика азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына өтініш жасаған кезде және оларда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Дауыс беру күні өздері тұратын жерін ауыстырған кезде сайлаушылар қалай дауыс бере алады?
Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға құқылы. Есептен шығару куәлігін тиісті сайлау комиссиясы өтініш пен жеке куәлікті ұсыну негізінде береді. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны оның болатын жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Сайлаушылар тізімінде өзіңізді қалай тексеруге болады?
Тиісті сайлау комиссиялары азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда табыс етеді. Азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Уақытша тіркелген азаматтар қалай дауыс бере алады?
Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының сайлауында кімнің дауыс беруге құқығы бар?
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығы бар азаматтары.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кім үміткер бола алады?
Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл бойы тұратын, 25 жасқа толған және бәсең сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат бола алады. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қатысты — Ассамблея Кеңесіне тиесілі.
Құжаттар
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңестің құрамында: 3, 4, 5, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Асанова Жанна Бейсентайқызы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институтының Алматы қаласындағы филиалының директоры (келісім бойынша)»; 4. Әбдрасулов Ермек Баяхметұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Конституционализм және цифрлық құқық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, заң ғылымдары академиясының академигі (келісім бойынша)»; 5. Әжіғұлова Халида Қанатбекқызы Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының тәуелсіз директоры, құқық бойынша PhD докторы (келісім бойынша)»; 6. Әубәкірова Индира Оралқызы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»; 9, 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Ермаханова Салтанат Амангелдіқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қоғамдық пікір мониторингі бөлімінің басшысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»; 10. Жақаева Лейла Сұлтанқызы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Судьясы, профессор, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»; 13-жол мынадай редакцияда жазылсын: «13. Имашева Снежанна Валерьевна Қазақстан Республикасы Құрылтайының І шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)»; 16-жол мынадай редакцияда жазылсын: «16. Мұхамеджанов Эдуард Булатұлы «Кәсіби заң консультанттары палатасының» заң консультанты, Каспий университетінің жария құқық Институтының бас ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»; 20-жол мынадай редакцияда жазылсын: «20. Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының этномәдени бірлестіктерімен өзара іс қимыл бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдардың кандидаты(келісім бойынша)». 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Төраға Н. Әбдіров Хатшы Ш.Өтемісов Астанақаласы 2026ж.21 қазандағы № 65/113
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Г.Қ. Тойлыбаеваны тіркеу туралы
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Г.Қ. Тойлыбаеваны тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Саяси кеңес Бюросының 2026 жылғы 19 қазандағы № 008PQ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.«Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің бос мандаты Гүльнар Қожағұлқызы Тойлыбаеваға берілсін. 2.Гүльнар Қожағұлқызы Тойлыбаева Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып тіркелсін. 3.Гүльнар Қожағұлқызы Тойлыбаеваға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен төсбелгі тапсырылсын. Төраға Н. Әбдіров Хатшы Ш. Өтемісов Астана қаласы 2026жылғы20қазан № 64/112
Ш.М. Шәріповті Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босату туралы
Ш.М. Шәріповті Астана қаласыаумақтық сайлау комиссиясыныңмүшесі міндеттерінен босату туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ш.М.Шәріповтіңміндеттерінен өз еркімен босату туралы 2026 жылғы 14 қазандағыөтінішінің негізіндеҚазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шрақпай Мұратұлы Шәріпов Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын. 2. Осы қаулы Астана қаласының мәслихатына және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін. Төраға Н. Әбдіров Хатшы Ш. Өтемісов Астана қаласы, 2026 жылғы 19 қазан № 63/111
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕСІНІҢ ОРНЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕСІНІҢ ОРНЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 116 хатының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Рима Нерражимовна Шабиковатағайындалсын. 2. Осы қаулы Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін. Төраға Н. Әбдіров Хатшы Ш.Өтемісов Астана қаласы 2026 жылғы 16 қазан № 62/110
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, оқыту сапасы мен мерзімдерін сақтай отырып, 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастырсын. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. ТөрағаН. Әбдіров ХатшыШ. Өтемісов Астана қ. 2026 жылғы 13 қазан № 60/108
«Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға жіберу туралы
«Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінпартиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға жіберу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 2-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысуға жіберілсін. 2. Осы қаулы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын. Төраға Н. Әбдіров Хатшы Ш. Өтемісов Астана қаласы, 2026 жылғы 13 қазан № 60/107