Уақытша тіркелген азаматтар қалай дауыс бере алады?
Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Уақытша тіркелген азаматтар қалай дауыс бере алады?
Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізіміне олардың жергілікті атқарушы органдарға берген өтініші негізінде ғана енгізілуі мүмкін.
Дауыс беру күні шетелде жүрген сайлаушылар қалай дауыс бере алады?
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және республика азаматының жарамды паспорттары бар барлық азаматтар енгізіледі. Шет м...
Дауыс беру күні өздері тұратын жерін ауыстырған кезде сайлаушылар қалай дауыс бере алады?
Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға құқылы. Есептен шығару куәлігін тиісті сайлау комиссиясы өтініш пен жеке куәлікті ұсыну негізінде береді. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде уча...
Сайлаушылар тізімінде өзіңізді қалай тексеруге болады?
Тиісті сайлау комиссиялары азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда табыс етеді. Азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдеріме...
Қазақстан Республикасының сайлауында кімнің дауыс беруге құқығы бар?
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығы бар азаматтары.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кім үміткер бола алады?
Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл бойы тұратын, 25 жасқа толған және бәсең сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат бола алады. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығ...
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кім үміткер бола алады?
Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну: 1) облыстық (республ...
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кімдер үміткер бола алады?
Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлана алады. Президенттікке кандидаттар ұсыну құқығ...