Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кім үміткер бола алады?
Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын адам Сенат депутаты бола алады.
Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну:
1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкiн;
2) өзiн-өзi ұсыну тәртiбiмен жүргiзiледi.