Сайлаушылар тізімінде өзіңізді қалай тексеруге болады?
Тиісті сайлау комиссиялары азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысу үшін дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда табыс етеді.
Азаматтарға тиісті сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тізімдерімен танысу, сондай-ақ оларға енгізілген сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.