
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
1961 жылғы 12 қаңтарда туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қ.), Дж.Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамның 4 айлық курстарын (Германия) бітірген. Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.






