Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты
Г.Қ. Тойлыбаеваны тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігі Саяси кеңес Бюросының 2026 жылғы 19 қазандағы № 008PQ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің бос мандаты Гүльнар Қожағұлқызы Тойлыбаеваға берілсін.
2.Гүльнар Қожағұлқызы Тойлыбаева Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып тіркелсін.
3.Гүльнар Қожағұлқызы Тойлыбаеваға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен төсбелгі тапсырылсын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
Ш. Өтемісов |
Астана қаласы
2026жылғы20қазан
№ 64/112