Сіздерді еліміздің ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – мемлекеттігіміздің негізін айқындап, тәуелсіздікке бастар жолды ашқан тарихи күн. Бұл мереке – ұлттық бірлігіміздің, елдігіміздің және ортақ болашаққа деген сеніміміздің символы.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
Республикамыздың мерейі үстем, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!
Республика күні құтты болсын!









