Алматы облысының оқушылары Батыс Қазақстан облысында өткен IX республикалық «Іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы…» шешендік өнер байқауында жоғары нәтиже көрсетті.
2026 жылғы 28–29 қазанда ұйымдастырылған байқау қорытындысы бойынша Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Рүстемұлы Шалқар Бас жүлдені иеленді. Ал 11-сынып оқушысы Әлімғазы Айкүнім ІІ орынға ие болды.
Осылайша, облыс атынан қатысқан екі оқушы да жүлдегер атанып, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.
Оқушыларды байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Омарбекова Асель Қайырбековна мен Жалмаханова Жайна Абдинабиевна дайындады.
Алматы облысының білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, шешендік өнерге баулуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жұмыстар жалғасуда.









