Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджет қаражатының игерілуі және салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды.
Мәжілісте облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев баяндама жасады.
Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне кіріс көздерін ұлғайтуды, бюджет және салық түсімдері бойынша қалыптасқан олқылықтардың орнын толтыруды тапсырды.
«Қала, аудан әкімдіктері, резерв көздерін өз аумақтарыңыздан іздестіріп, жұмысты жандандыру қажет. Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, жоспарланған түсімдерді толық орындауды қатаң тапсырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Өткен жылдардағы салық берешектерін өндіріп алу және алдағы уақытта берешектің өсуіне жол бермеуге қатысты Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне, мемлекеттік кірістер, полиция және экология департаменттеріне нақты міндеттер жүктелді.
Сондай-ақ экологиялық талаптардың сақталуын қадағалай отырып, рұқсатсыз қызметтерді анықтау және қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төлемдер толық түсуі қажет. Еңбекақы қорын заңдастыру, жасырын табыстар мен төлемдерді анықтау керек. Осы мақсатта банк аударымдарымен қолма-қол ақша айналымына талдау жүргізіп, салық салу базасын кеңейтуге басымдық беру тапсырылды.
Салық түсімдерін арттыру және бюджет қаражатын толық игеру мәселелері талқыланды
1 / 5
Ұқсас материалдар

Air Astana мен China Southern Airlines стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды
Көлік министрлігіАшу
Ұлытау облысы әкімінің төрағалығымен «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкіліАшу
Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Құқықтық мәдениет – өркениет негізі» тақырыбында құқықтық сағат өткізді
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкіліАшу
(ҰПМ) қатысушысымен бірлесіп, Жезқазған қаласы әкімдігінің «Отбасы институтын қолдау орталығы» КММ барды
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкіліАшу
Айтылды - орындалды: Алакөл ауданында тұрғындардың өтініші бойынша «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді
Алакөл ауданының әкімдігіАшу
"Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы" жаңалықтары

Президент жолдауы: алдағы даму бағыты айқын
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Республика күні қарсаңында 160 қызылордалық баспаналы болды
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Кәсіби мерекедегі мерейлі марапат
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Аймақ басшысы облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу