Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте Президент Жолдауында айқындалған міндеттерге қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
«Президентіміздің Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Ендігі міндет – белгіленген басымдықтарды жүйелі жүзеге асырып, нақты нәтижеге қол жеткізу. Әрбір басқарма басшысы, қала және аудан әкімдері өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Жұмысымыздың басты өлшемі – халықтың сенімі мен өңірдің тұрақты дамуы. Сондықтан барлық бағыт бойынша күш біріктіріп, тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Аймақ басшысы инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті әртараптандыру,ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырудың экономикалық өсімге тигізетін оң әсерін атап өтті. Сондықтан жаңа жобаларды іске асыруға және отандық өнім көлемін ұлғайтуға басымдық беру керек.
Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін бағалау үшін алдағы уақытта мектептерге, медициналық мекемелерге, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілік жан-жақты зерделенеді.
Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсету, жол сапасы мен көлік қатынасын жақсарту, басталған жобаларды мерзімінде аяқтап, бюджет қаражатын тиімді пайдалану маңызды.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын арттыру, кадр тапшылығын азайту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және балалардың қауіпсіздігі бірінші кезектегі міндеттер қатарында.
Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін ведомствоаралық деректер алмасуды жетілдіру, есептілік жүктемесін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту жұмыстары жалғасады. Облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жасанды интеллектті қолданып жүзеге асырылатын жобалар тізбесін әзірлеу тапсырылды.
Қаржының уақытылы игерілуіне кедергі келтіретін мәселелерді алдын ала зерделеп, жедел шешу керек. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы, орындалған жұмыс сапасы және бөлінген қаражаттың нәтижелілігі тұрақты бақылауда болады.
Тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату да – маңызды бағыттардың бірі. Осыған орай, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдеріне азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел жауап беру, халықты толғандыратын мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың қордалануына жол бермеу міндеті қойылды.
Президент жолдауы: алдағы даму бағыты айқын
1 / 5
Ұқсас материалдар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу
Үржар ауданының әкімдігіАшу
«Зияткер ұстаз» республикалық шахмат турнирінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасыАшу
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Целиноград ауданының әкімдігіАшуКөкшетау қаласының прокуратурасы жалпы құны 343 млн теңгені құрайтын жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды
Ақмола облысының прокуратурасыАшу
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған Telegram-бот іске қосылды: спорт секциясын бірнеше минутта табуға болады
ҚР ТСМАшу
"Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы" жаңалықтары

Салық түсімдерін арттыру және бюджет қаражатын толық игеру мәселелері талқыланды
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Республика күні қарсаңында 160 қызылордалық баспаналы болды
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Кәсіби мерекедегі мерейлі марапат
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Аймақ басшысы облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарымен кездесті
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу