Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйімен, нысандардағы жұмыс барысымен танысты.
Алдымен сол жағалаудағы «Alem Asia Trade» серіктестігінің автокөлік салонына барды. Жоба аясында 21 жұмыс орны ашылған, айына орта есеппен 20 автокөлік сату жоспарланған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның KIA ресми диллерлік орталығымен бірлесіп жұмысын бастаған.
«Достық» жеке кәсіпкерлігінің шыны пакеттер өндіретін автоматтандырылған өндіріс цехы өткен жылы іске қосылған. Негізгі қызмет бағыттары – ПВХ профильдерін ламинациялау және шыны пакеттер өндіру. Өндірістік қуаты жылына 1 млн шаршы метр, 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өндірісте заманауи автоматтандырылған желі қолданылады. Оның арқасында бір шыны пакетті дайындау уақыты 10 минуттан 1 минутқа дейін қысқарып, жылдамдық шамамен он есе артқан. Бұл тапсырыстарды жедел орындауға, өнім сапасын тұрақтандыруға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – шикізат пен материалдардың басым бөлігінің отандық өндірушілерден жеткізілуі. Қолданылатын шикізаттың шамамен 90 пайызы отандық өнімдер, негізгі шикізаттың бірі – Қызылорда қаласындағы «Orda Glass» ЖШС өндіретін табақша шыны.
Бұл жергілікті кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланысты нығайтады. Жобаға екінші деңгейлі банктер, мемлекеттік субсидия, сонымен қатар «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы да қосымша қаржылық қолдау көрсетілген.
«Медстрой-Шаңырақ» нейромед протезді-ортопедия орталығы мамыр айында іске қосылған. Мұнда протездік-ортопедиялық қызмет көрсетіледі және медициналық оңалту бағытындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған. Қазіргі таңда орталықта 10 адам еңбек етеді, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Негізгі жабдықтар Қытай мен Ресейден жеткізілген.
Аймақ басшысы Абай ауылындағы 800 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысымен де танысты. «Қызылорда Құрылыс НК» серіктестігіжобаға 7,5 млрд теңге қаржы бөлген, 50 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір бірінші және екінші қоражайлар салынуда. Нысанды кезең-кезеңімен іске қосып, ферманы желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
1 / 3
Ұқсас материалдар

Эпидемиологиялық ахуал және вакцинацияның маңыздылығы туралы сұхбат
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Жүлделі ІІ орын!
Жетісу облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасыАшу
Қазақстан СІМ-нің Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар туралы мәлімдемесі
Ашу
Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды.
Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді
Жетісу облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы" жаңалықтары

Құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы тексерілді
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
«Таза Қазақстан»: Жалпыхалықтық сенбілік өтті
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу
Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасыАшу