Шымкент қаласы Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға арналған жедел кеңес өтті.

    Жедел кеңеске Полиция департаментінің басшы құрамы, Сот сараптама орталығының басшылары мен сарапшылары және аудандық полиция басқармаларының аға учаскелік инспекторлары қатысты.


    Кеңес барысында қылмыстық кодекстің 108-1 және 109-1 баптары бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша қылмыстық заңнама нормаларын қолдану тәжірибесі қаралды. Осы қылмысты жасаған жүйелі агрессорларға қатысты қамауға алу бұлтарпау шарасын қолдану туралы жайттары қаралып талқыланды.


    Сонымен қатар заттай дәлелдемелерді, оның ішінде есірткі заттарын сақтау, есепке алу және жою тәртібіндегі кемшіліктер талданды. Жиын қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою, тергеу сапасын арттыру және осындай кемшіліктердің қайталануына жол бермеу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары