Банк атынан қоңырау шалу
Алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, «шотыңызға қауіп төніп тұр» немесе «күдікті операция анықталды» деп, SMS-кодты, карта деректерін және басқа құпия ақпаратты сұрайды.
Инвестициялық алаяқтық
«Жоғары табысқа кепілдік береміз», «аз ақша салып, көп пайда табасыз» деген ұсыныстармен жалған инвестициялық платформаларға ақша салдыруға тырысады. Ал кейін ақшаны қайтару үшін қосымша төлем талап етеді.
Есте сақтаңыз:
Банк қызметкері SMS-кодты, PIN-кодты және парольді сұрамайды.
Жоғары әрі кепілдендірілген табыс — алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.
Асықпаңыз. Ақпаратты тексеріңіз. Ақшаңызды қорғаңыз!







