«Қауіпсіз үй»: Шымкентте тұрғындармен профилактикалық кездесулер өткізілуде

    Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шара аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Кездесулер барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қауіпсіз тұрғын үй ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Полиция тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бірлесіп атсалысуға шақырады

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары