📌 Солтүстік Қазақстан облысындағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

    ⚡️ Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні тұрақты болып отыр.
    ⚡️ 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 2026–2027 жылдардағы жаңа эпидемиялық маусым басталды.
    ⚡️ Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 3 356 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 10,2%-ға өскен (3 043 жағдай).
    ⚡️ Сонымен қатар ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау жағдайлары әзірге тіркелген жоқ.
    💉 Тұмауға қарсы вакцинация
    ⚡️ 2026 жылғы 6 қазаннан бастап облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Тәуекел топтарына жататын адамдарды вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол Плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды.
    ⚡️ Вакцинация тәуекел топтарына жататын мына адамдарға жүргізіледі:
    ▪️ медицина қызметкерлері;
    ▪️ медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
    ▪️ балалар үйлері мен сәби үйлеріндегі балалар;
    ▪️ қарттар үйлерінде тұратын адамдар;
    ▪️ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинациялауға жататын адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, егде жастағы адамдар, ерте жастағы балалар, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелерде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болатын адамдар.
    📌 Вакцинация тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
    📊 Бүгінгі күні тәуекел топтарына жататын 6 675 адамға вакцина салынды.
    🤒 ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілері
    ⚡️ ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, жалпы уыттану белгілері, әлсіздік, дел-салдық, тамақтың ауыруы және мұрынның бітелуі жатады.
    ❗️ Алғашқы белгілер байқалғанда не істеу керек?
    ⚡️ ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды. Медициналық көмекке жүгіну немесе дәрігерді үйге шақыру қажет. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек.
    ⚡️ Аурудың ұзаққа созылуы асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – пневмония.
    ✨ ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғануға болады?
    ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін:
    ▪️ бөлмелерді күн сайын желдету;
    ▪️ қолды мұқият жуу және қажет болған жағдайда антисептикалық құралдарды пайдалану;
    ▪️ сырқаттанушылықтың маусымдық өсу кезеңінде көпшілік іс-шараларға барудан мүмкіндігінше бас тарту, ал бару қажет болған жағдайда бетперде тағу;
    ▪️ белсенді өмір салтын ұстану және үнемі дене шынықтырумен айналысу;
    ▪️ ұйқы режимін сақтау және дұрыс тамақтану ұсынылады.
    📌 Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары