ТОҒЫЗ АЙДА «ӘЛЕУМЕТ» ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 463 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну бойынша 463 205 қызмет көрсетілді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың қажетті оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауына мүмкіндік беретін порталды дамытуды жалғастырып келеді. Пайдаланушылар қажетті құралдар мен қызмет көрсетушілерді өздерінің жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес таңдай алады. Көрсетілген қызметтердің ішінде 330 300-і оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге, 8 600-і ымдау тілі маманының қызметіне, 27 400-і жеке көмекшінің қызметіне, ал 96 905-і санаторий-курорттық емделуге тиесілі. 2026 жылдың тоғыз айында порталда 75 062 адам белсенді қызмет алушы ретінде тіркелді. Сонымен қатар осы кезеңде 11 285 тауар тіркелген. Қазіргі уақытта порталда оңалтудың техникалық құралдарын ұсынатын 690 жеткізуші бар. Оның 433-і есепті кезеңде тіркеуден өткен. Портал арқылы протездік-ортопедиялық бұйымдарға, есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған арнайы құралдарға, жүріп-тұру құралдарына және міндетті гигиеналық құралдарға тапсырыс беруге болады. Сондай-ақ жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметін және санаторий-курорттық емделуді таңдауға мүмкіндік бар.







