Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп мәселелері бойынша жиналыс өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.

    Жиналыс барысында Ақтөбе қаласы Алматы ауданының №2 қалалық полиция бөлімінен келіп түскен тапсырмалар қаралып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды болдырмау шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде және жұмыстан тыс уақытта моральдық-әдептілік қағидаттарын ұстануы, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуі, сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынаста заңдылық, ашықтық, әділдік пен адалдық қағидаттарын басшылыққа алуы мәселелері талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" жаңалықтары