Құттықтаймыз! Кәсіподақ жұмысына қосқан үлесі үшін марапатталды

    1 / 4

    Кәсіподақ жұмысына белсенді қатысқаны, адал еңбегі, жауапкершілігі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін, сондай-ақ Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай «Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторы, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Баймағанбетова Қалбибі Қаныбекқызы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М. Жақыповтың Алғыс хатымен марапатталды.
    Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық және кәсіби қызметіңізге толағай жетістіктер тілейміз! Кәсіподақ жұмысына қосып жүрген үлесіңіз әрдайым жемісті болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ" жаңалықтары