Департаменттің қызметкері Е.Б. Омармен ««СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Ақтөбемұнайсервис» басқармасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің заңнамада белгіленген міндеттері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, еңбек шарттарын электрондық форматта рәсімдеу және олар туралы мәліметтерді «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» (Enbek.kz) порталы арқылы енгізу тәртібіне назар аударылды.
Сонымен қатар, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын белгіленген мерзімде төлеудің маңыздылығы түсіндірілді. Жұмыс берушілерге жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
Бұдан бөлек, ұжымдық шарт пен келісім жасасу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 97-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделетіні туралы ақпарат жеткізілді.
Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – еңбек заңнамасының талаптарын сақтау деңгейін арттыру, жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту және жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









