ТЖМ-де Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді

    1 / 2

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов 2026 жылғы 28 қазандағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған кеңес өткізді.

    Кеңес барысында государственный орган басшысы жеке құрамды Жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, цифрландыру, технологиялық даму, инфрақұрылымды жаңғырту және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Азаматтық қорғау жүйесі үшін тікелей маңызы бар міндеттерге айрықша көңіл бөлінді. Олардың қатарында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тетіктерін жетілдіру, құтқару инфрақұрылымын дамыту, заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ бөлімшелердің табиғи және техногендік қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын арттыру мәселелері бар.

    Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды азаматтық қорғау органдарының қызметінде іске асырудың, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытудың және халықтың қорғалу деңгейін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары