Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылауға арналған кеңес өткізілді.
Жүргізілген талдау шеңберінде жұмыс екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылды:
1) Департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Департамент пен оның құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Анықталған бағыттар бойынша ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және профилактикасына, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін алғышарттарды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға, ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және Департамент қызметін жетілдіруге бағытталған барлығы 31 ұсыным әзірленіп, енгізілді.
Мұндай жұмыстарды жүргізу заңдылық, ашықтық және жариялылық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









