Әлеуметтік нысан құрылысына бастамашы болған меморандумға қол қойылды

    1 / 3

    Аудан әкімдігінде, ауыл инфрақұрылымын дамыту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында маңызды іс-шара өтіп, Шет ауданының әкімі мен «Селтей» шаруа қожалығы жетекшісі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
    Тағылы ауылдық округі Жұмыскер ауылында 2015 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Селтей» шаруа қожалығының жетекшісі, ауыл тумасы Нұрлыбек Қазбекұлы Жакупов аймақтың өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді. Мал шаруашылығымен қатар қосалқы жеңіл металл бұйымдарын дәнекерлеу және ұсталық жолмен дайындайтын цех ашып, бүгінде өнімдеріне сұраныс артып отырған іскер азамат туған жеріне деген жанашырлығын нақты іспен дәлелдеуде.
    Жасалған екі жақты меморандумға сәйкес, инвестор өзінің жеке қаражаты есебінен Жұмыскер ауылының көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарының жобасын жасатып жатыр. Сонымен қатар, серіктестерімен бірлесіп келесі жылдан бастап ауыл тұрғындары мен жастары үшін бұған дейін қызмет етіп тұрған спорт нысанына қосымша заманауи спорт кешенін салып бермекші.
    Мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрі жүйелі ынтымақтастығы елді мекендердің көркеюіне, әлеуметтік маңызы бар бастамалардың жүзеге асуына зор серпін береді. Өз кезегінде аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкердің бұл игі бастамалары мен әрекеттеріне жан-жақты ұйымдастырушылық, ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетілетін болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары