Обсуждение Послания Главы государства народу Казахстана

    Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға ауданның мекеме басшылары мен қоғамдық кеңес өкілдері қатысып, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды өңірде сапалы жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты қарастырды.
    Отырыс барысында Президент Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттерді орындау бағытында маңызды салалар бойынша баяндамалар тыңдалды:
    • Құрылыс саласы бойынша елді мекендердегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды салу, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
    • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) жүйесін жаңғырту, инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендету және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қаралды.
    • Шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлік экожүйесін дамыту және бизнеске қолайлы жағдай жасау бағыттары талқыланды.
    • Білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, кадр тапшылығын азайту және заманауи технологиялармен қамту шаралары сөз болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары