Шет аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонының «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» бағыты аясында аудандық әкімдік қызметкерлерінің қатысуымен тағылымды кездесу өтті.
Шара марафонға арнайы әзірленген «Кітап оқитын ұлт» әнұранымен ашылып, қатысушыларға кітап оқудың маңызы мен рухани құндылығы жөнінде ой салды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» кітабы төңірегінде әңгіме өрбіп, шығармадағы тағылымды ойлар мен өмірлік ұстанымдар жайында пікір алмасты.
Кездесу соңында қатысушыларға марафон кітапшалары таратылып, естелік суретке түсті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









