2026 жылғы 3 қараша күні Шет ауданы әкімінің орынбасары, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысының міңдетін атқарушы, Ақсу-Аюлы ауылдық округ әкімінің орынбасары аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылында орналасқан дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мониторингтің негізгі мақсаты — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау. Іс-шара барысында сөрелерде ұсынылған тауарлардың, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу талаптары және шекті сауда үстемесінің мөлшері түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








