Кеңейтілген аппарат отырысы өтті

    1 / 3

    Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Жиында 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланып, Талды, Ақшоқы және Нұраталды ауылдық округтерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстар есепке алынды. Сондай-ақ Ақсу-Аюлы ауылдық округі бойынша салық түсімдерін арттыру мәселесі талқыланды. Отырыс барысында ағымдағы жағдайлар бойынша жылу беру маусымының өту барысы, өрт кезінде анықталған фактілер бойынша атқарылған шаралар, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалысы мен профилактикалық жұмыстар, көлік және шаруа қожалықтарының салық түсімдері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары және БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстар жан-жақты пысықталды. Аудан әкімі барлық бағыттар бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын бақылауға алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары