ДЧС СҚО: балалардың қауіпсіздігіне қамқорлық

    1 / 15

    Петропавл қаласындағы № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Балдәурен» балабақшасының тәрбиеленушілері қонақта болды.

    Балалар музей экспозициясын тамашалап, арнайы техникамен, жабдықтармен, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың киім-кешегімен, сондай-ақ олардың тұрмысымен және күнделікті қызметімен танысты. Оларға өрт және төтенше жағдайлар кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі түсіндірілді.

    Іс-шара балалар мен тәрбиешілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Кішкентай қонақтар өрт сөндіру көліктерін қызыға қарап, құтқарушылардың киімдерін киіп көрді және көптеген сұрақтар қойды.

    Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары