1 / 5
Мағжан Жұмабаев ауданының өрт бекетінде үй-жайлар жаңартылып, аумақ абаттандырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының № 22 өрт бекетінде жағдайды жақсарту жұмыстары жүргізілді. Оқу сыныбында қабырға панельдері ПСЧ-ға ауыстырылып, сәндік панельдер жаңартылды, сондай-ақ едендер сырланды.
Сонымен қатар өрт бекетінің аумағында ашық беседка салынды. Атқарылған жұмыстар бөлімше қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.









