Департамент қызметкерлері адал қызметі мен кәсібилігі үшін ведомстволық наградалармен, медальдармен марапатталып, кезекті арнаулы атақтарға ие болды.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ұлттық мереке — Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиында департамент басшысы Жомарт Аскаров қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Республика күнінің мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи маңызын атап өтіп, бұл мереке тәуелсіздіктің, бірліктің және халықтың өркендеуге деген ұмтылысының символы екенін жеткізді.
Салтанатты іс-шара барысында адал қызметі, жоғары кәсібилігі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін үздік қызметкерлер марапатталды. Оларға ведомстволық наградалар мен медальдар табысталып, кезекті арнаулы атақтар берілді, сондай-ақ алғыс жарияланып, алғыс хаттар тапсырылды.









