https://www.instagram.com/reel/De3X4MEAUZG/?cplk=Zjc3bDY5bnAxaHEw
Республика күніне орай аудан орталығында тағылымы мол, мазмұнды мерекелік шара өтті.
Мерекелік жиынның шымылдығы Замандас халықтық театрдың қойылымымен ашылып, көрермен назарына Исатай батырдың ерлігі мен өр рухын бейнелейтін сахналық көрініс ұсынылды.Одан әрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен отаншылдықтың рухы асқақтай түсті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Д.Тоғызбаев жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтап, биылғы жылдың аудан үшін табысты кезеңдердің бірі болғанын атап өтті. Сондай-ақ аудан көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, ел игілігі жолында жүзеге асқан бастамалар мен жетістіктерді тілге тиек етті.
Мерекелік жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық өміріне және түрлі салалардың өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар мен азаматшалар «Әйтеке би ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Атап айтқанда, аудандық отбасын қолдау орталығы» КММ директоры Р.Смағұлова, «Қайнар» КМК директоры Е.Дүзбаев, Әйтеке би аудандық ауруханасының ұзақ жылдар бойы бас дәрігері қызметін атқарған азамат Е.Жайлыбаев, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің директоры К.Ергабылова марапатталды.
Сонымен қатар білім беру саласындағы елеулі еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменованың атынан М.Жұмабаев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі А.Кабдылдина «Білім беру саласының үздігі» медалімен марапатталды.
Бұдан бөлек, аудан әкімі бірқатар азаматтарға жеке алғыс хаттарын табыстап, ел дамуына қосқан үлестері мен адал еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Мерекелік шара барысында мың бұралған бишілердің әсем биі мен күмбірлеген күй, сазды әуендер көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.
Республика күні – азаттықтың айғағы, бірліктің бастауы, елдігіміздің тұғыры!
Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
Республика күні – елдігіміздің еңселі мерекесі!
Ұқсас материалдар

Бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын шығыстары бар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыАшу
Мектептерде күзгі демалыс басталды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Atameken Business» телеарнасының Exclusive бағдарламасына Жаңа Конституция және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы заңнамалық өзгерістер туралы айтты.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ГРАНТТАРЫ
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММАшу
Республика күні құтты болсын!
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
"Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары

Қазақстан үшін автомобиль жолдары мен теміржол желілерін жаңғырту ішкі экономикалық қажеттілік қана емес, халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Әйтеке би ауданы әкімдігіАшу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындағанын атап өтті
Әйтеке би ауданы әкімдігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Әйтеке би ауданы әкімдігіАшуРеспублика күні қарсаңында – игі бастама
Әйтеке би ауданы әкімдігіАшу
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Әйтеке би ауданы әкімдігіАшу