https://www.instagram.com/reel/De4RZqvO6ml/?dlrf=MXZ5aWhwbDdydWdh
Ұлттық мереке қарсаңында аудан орталығында қоршаған ортаны көркейту және жасыл желек көлемін арттыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Игі бастамаға мекеме қызметкерлері мен белсенді жастар қатысып, туған өлкенің гүлденуіне өз үлестерін қосты.
Атап айтқанда, тал көшеттері Тыңгерлер саябағына, аудандық мешіттің жанына және Ә.Молдағұлова атындағы саябаққа отырғызылды. Жалпы саны 105 түп тал егілді.
Туған жерді түлету – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі отырғызылған әрбір тал ертең саялы баққа айналып, ауданымыздың ажарын аша түсетіні сөзсіз. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны көркейту – келер ұрпаққа қалдырар игі мұрамыз.
Көркейген өлке – кемел келешектің кепілі!








