Мемлекеттік органдардың өкілдері өңір су айдындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау тәсілдерін келісіп алды.
Солтүстік Қазақстан облысында шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша бақылау және қадағалау жөнінде нұсқаулық кеңес өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының және көліктік бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.
Өңірде балық аулау, демалу және шағын көлемді кемелермен қатынау үшін пайдаланылатын 2 мыңнан астам су айдыны бар. Кездесу барысында қатысушылар кемелерді тіркеу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ бақылау іс-шараларын өткізу тәртібін талқылады. Уәкілетті органдардың құзыреттерін нақтылау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.









