Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Қайрат Қуантайұлы Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны актив отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров таныстырды. Өңір басшысы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Қайрат Қуантайұлы 1983 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2004 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің экономика және басқару кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Еңбек жолының басым бөлігінде Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік, экономика және қаржы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу салаларындағы бөлімдерінде қызмет атқарған.
2021–2023 жылдары Хромтау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп келді.
Ал бұған дейін мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы қызметін атқарған Амангүл Жаңбырбайқызы Қаратаева өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ақтөбе облысының "Мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ жаңа басшы тағайындалды
1 / 4
Ұқсас материалдар

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының дамуы талқыланды
Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығыАшу
Тимур Екибаев: қант диабетінің ауыр асқынулары кезінде аяқты сақтап қалу жолындағы күрес
ҚР ДСМАшу
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ 20-ДАН АСТАМ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСІП, ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімдігіАшу
Табиғи өрт толық сөндірілді
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КЕҢІСТІГІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімдігіАшу
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" жаңалықтары

Асхат Шахаров: «Әкімнің басты міндеті – халықтың мәселесін тыңдап қана қоймай, оның шешімін табу»
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасыАшу
№8 мекеме кәсіпкерлерге есігін ашты
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасыАшу
Ақтөбеде 100 бала «Қамқорлық» орталығында арнайы қолдау алып жүр
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасыАшу
Мемлекеттік Тулар түсірілді
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасыАшу
Еңбек күніне орай бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасыАшу