Қазақстанда 295-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

    1 / 8

    Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Қараағаш ауылында 295-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу салтанаты өтті. Жаңа пункт жалпы саны 200-ге жуық тұрғыны бар үш елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Өрт сөндіру пункті өрт сөндіру автоцистернасымен және қажетті өрт-техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамды оқытуды ұйымдастырып, өрт сөндірушілерге арналған жауынгерлік киім-кешек жиынтықтарын, сондай-ақ қысқы және жазғы формалық киімдерді табыстады. Пункт ғимаратында қызметкерлердің жұмыс істеуі мен демалуына қолайлы жағдайлар жасалған.

    Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің жету уақытын қысқартуға, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға және шалғай елді мекендер тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары