СҚО-да азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің алғашқы форумы өтті

    1 / 12

    Құтқарушылар ұрпақтары арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында 100-ге жуық ардагер, қызметкер және жас маман бас қосты.

    А. Абдрахманов атындағы № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай Солтүстік Қазақстан облысында азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің алғашқы форумы өтті. Іс-шараға 100-ге жуық ардагер, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығының өкілдері және жас мамандар қатысты. Форум тәжірибе алмасуға, кәсіби дәстүрлерді сақтауға және құтқарушылардың әр буыны арасындағы байланысты нығайтуға арналған алаңға айналды.

    Іс-шара барысында қатысушыларға заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасы таныстырылып, тарихи үлгілері көрсетілді. 23 жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Қатысушылар қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушылардың рухына тағзым етті. Еңбек сіңірген ардагерлер мен қызметте ерекшеленген мамандарға «ҚР ТЖМ-ге 30 жыл» медальдары мен алғыс хаттар табысталды. Форумның ерекше сәттерінің бірі — болашақ құтқарушыларға арналған өсиет-тілектер жазылған «Болашақ құтқарушыларға жолдау» атты уақыт капсуласын әзірлеп, оны ТЖД музейіне сақтауға тапсыру болды. Форум бөлімшенің тыныс-тіршілігімен танысу экскурсиясымен аяқталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары