«Орталыққазжерқойнауы» ӨД РММ 2026 жылы 20 қазанда Кеңес отырысында «Центргеолсъемка» ЖШС 089 бағдарламасы негізінде 2024-2026 жж. аралығында атқарылған «Павлодар облысындағыN-43-XXII; -XXIIIпарақтардың болжамды ресурстарын бағалай отырып 1:200 000 масштабтағы терең геологиялық картаға түсіру, ауданы 8541 ш. км» нысаны бойынша есеп қаралды.
Жұмыс алаңы (8541 ш. км) ішінара Павлодар облысының Качир, Успен, Железин және Ертіс аудандарын қамтиды.
ГГК-200 және неғұрлым бұрынғы зерттеулермен зерттелген алаңның кайнозой шөгінділері темір кендерін, құрылыс материалдарын және шөгінді генезис тұздарын анықтауға перспективалы екені анықталды.
Геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесiнде темiрге, қоңыр көмiрге (лигниттерге) және құрылыс материалдарына перспективалы алаңдар бөлiндi. Перспективалық дәрежесі бойынша алаңдар төмен перспективалық дәрежесіне жатқызылған, үшінші кезектегі іздестіру жұмыстары ұсынылған.
Беловод-Ертіс темір кені алаңы Р3-14 санаты бойынша оолитті темір кендерінің болжамды ресурстары 340,75 мың т.
Болжанатын Батыс Калиновка қоңыр көмір алқабы Р3 санаты бойынша лигниттердің болжамды ресурстары 103 576 мың т.
Алғаш рет зерттелген алаң үшін 1:500 000 масштабта экологиялық-геологиялық карта жасалды, оған экологиялық қауіптіліктің табиғи және техногендік факторлары бөлініп, оларға баға берілді.







